09 Тамыз, 2019 338

Малды сою ережелерінің сақталуы тексерілді

Құрбан-Айт мерекесінде қаладағы əр мал базарларында екі мал дəрігерлері кезекшілік ететін болады, - деп хабарлайды Атырау қаласы əкімдігінің баспасөз хатшысы.

-Бүгінде Атырау мал базарларына малдарды негізінен облыстың Құрманғазы, Индер және Қызылқоға аудандарынан, сондай-ақ БҚО әкелінуде. Ветеринарлар ең алдымен ветеринарлық анықтамаларын, уақтылы егу жұмыстарын, сондай-ақ, құлақтарында сырғаның болуын тексереді. Қойылған талаптарға сəйкес келмесе кіргізілмейді,-дейді қалалық ветеринария бөлімінің сектор меңгерушісі Асылбек Абулғазиев.

Мәселен, «Асыл Агро» мал базарында, Құрбан айт мерекесінде 50 мал союшы жұмыс істейді, олардың 40-ы қой сойса, тағы 10-ы ірі қара малын соятын болады.

Айта кетейік, Атырауда биологиялық мал қалдықтарын жою мақсатында мал зираты салынуда. Нысанды пайдалануға беру ағымдағы жылдың қыркүйек айына жоспарланған.

ATPress.kz

Фото: Атырау қалалақ әкімдігі


Ақпараттық ресурс ATPress.kz IOS пен Android қосымшаларда