07 Тамыз, 2019 315

Мейірбикелер үшін 20 планшет сатып алынды

«Цифрлық Қазақстан» мемлекеттік бағдарламасы аясында Мақат аудандық ауруханасының мейірбикелері жаңа гаджеттерге қол жеткізді, - деп хабарлайды Атырау облысының Өңірлік коммуникациялар қызметі.

- Планшеттер көптеген процестерді жеңілдетуге және жеделдетуге, мәселелерді тиімді шешуге және қажетсіз қағазбастылықтан арылуға, сонымен қатар мейірбикелерге жетекші мамандардан кеңес алуға, дұрыс диагноз қоюға көмектеседі,- дейді Мақат аудандық ауруханасының директоры Батырбек Оңдасынов.

Барлық планшеттер «Мен Анамын», «Дәрігерге», «Қатерлі ісіктердің алдын алу», «Патронажды мейірбике» мобильді қосымшаларымен жабдықталған.

ATPress.kz

Фото: ӨКҚ


Ақпараттық ресурс ATPress.kz IOS пен Android қосымшаларда