16 Шілде, 2019 449

Атырауда "Ақ Жайық" резерватының аумағындағы өрт өшірілді

Қазіргі уақытта өрт сөндірілді, қайтадан өртті болдырмау бойынша жұмыстар жүргізілуде, деп хабарлайды Атырау облысының Өңірлік коммуникациялар қызметі.

"Ақ Жайық" мемлекеттік табиғи резерватының инспекторы Ғани Ағыбаевтың айтуынша, өрт ошағы Дамбы ауылдық округінің аумағында орын алып, кейін резерваттың аманына ауысқан.

- Резерват аумағындағы өрт 23 гектар жерді құрады. Қазіргі уақытта өрт сөндірілді, қайтадан өртті болдырмау бойынша жұмыстар жүргізілуде,Өрт салдарынан флора мен фауналар өкілдері зардап шеккен жоқ, дейді Ғани Ағыбаев.
Өртті жоюға "Ақжайық" мемлекеттік табиғи резерватының 35 инспекторы, ТЖД 22 өрт сөндіруші, Солтүстік Каспий экологиялық әрекет ету базасының 12 қызметкері жұмылдырылды.

Сондай-ақ резерваттан "УАЗ" маркалы 2 арнайы шағын көлемді машина, 5 жеңіл машина және МТЗ-82 маркалы 1 трактор және 3 мотопомпа жұмылдырылды. ТЖД 3 бірлік арнайы техника, СКЭБР - 2 бірлік арнайы техника берді.

ATPress.kz

Сурет редакция мұрағатынан алынды


Ақпараттық ресурс ATPress.kz IOS пен Android қосымшаларда