15 Шілде, 2019

Атырауда 36 жастағы ер адам Жайыққа ағып кетті

Қайғылы оқиға Атырау қаласының маңындағы Еркінқала кентінде «Ақ жайық» мемлекеттік табиғи резерваты аумағында болған.

1983 жылғы ер адам Жайық өзенінде шомылуға арналмаған орында суға түсіп, ағып кетті.

"Суға ағып кеткен адамның денесі табылды", - деп хабарлады облыстық ТЖ департаментінің баспасөз қызметі

Іздеу жұмыстарына Атырау облыстық ТЖД жедел құтқару жасағының 3 қызметкері мен 1 жүзу құрылғысы тартылған.

Дереккөз: Inform.kz



Ақпараттық ресурс ATPress.kz IOS пен Android қосымшаларда