12 Шілде, 2019

«Зарослый» каналы тартылып жатыр

Еркінқала ауылдық округінің шаруа қожалықтары егін алқабын суарып отырған «Зарослый» каналының тартылуына шағымдануда, деп хабарлайды Атырау қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі.

Атырау облысы әкімінің орынбасары Әлібек Нәутиев қала маңындағы ауыл шаруашылықты дамыту мәселесіне тоқталды. Жұмыс тобының құрамына облыстық орман және жануарлар әлемі инспекциясының, Ақжайық мемлекеттік табиғи қорығының, «Қазсушар» РМК филиалының өкілдері, жергілікті атқарушы органдар мен шаруа қожалықтарының басшылары кірді.

Бүгін «Зарослый» каналынан 18 шаруа қожалығы егін алқабын суаруда. Биылғы жылға дейін шаруа қожалықтары егіс алқабын суаруда мұндай мәселе туындамаған. Алайда, биыл канал күрт тартыла бастады, қолда бар сорғылар егіс алқабына қажетті су қорын тарта алмады.

- Бізден Еркінқала ауылдық округінде жыл сайын көкөніс дақылдарын өсіретін шаруа қожалықтарының басшылары көмек сұрады. Фермерлер егістікті суару мәселесіне шағымданды. Атырау облысы әкімінің орынбасары Әлібек Нәутиевтің сөзіне қарағанда, жағдайды шешу үшін бірқатар шаралар қабылданады, - дейді Атырау қаласы әкімінің орынбасары Жұмабек Қаражанов.

Мәселе шешілмейінше, «Перетаска» және «Бухарка» каналдары баламалы суару көздері ретінде қолданылатын болады. Ол үшін қазіргі су құбыры жүйесін жоғары жүк көтеру қабілеті бар құбырлармен ауыстыру жоспарлануда. Приморский су арнасының ауылшаруашылық мақсатындағы су резервтерін пайдалану үшін суару желісінің құрылысы үшін жобалық-сметалық құжаттаманы әзірлеуге қаржы бөлу мәселесі қаралатын болады.

ATpress.kz

Сурет: Атырау қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі


Ақпараттық ресурс ATPress.kz IOS пен Android қосымшаларда

Тегтер: #Зарослый #ауыл шаруашылығы. егін #канал