12 Шілде, 2019

Атырауда 7 млн бекіре шабағы табиғи ортаға жіберіледі

Атыраудағы балық өсіретін екі зауыт биыл 7 миллион дана бекіре шабақтарын өсіріп, табиғи ортаға қосуды жоспарлап отыр.

Олардың басым көпшілігі бекіре, шоқыр және сүйрік балықтарының тұқымдары. 

24.kz арнасының мәлімдеуінше, бұл балық өсірушілер үшін жоғары көрсеткіш. Өткен жылдың аяғындағы Жайық өзенінде тіркелген балық қырғынында зауытта 178  ірі балық шығын болған еді. Дегенмен, табиғат қарасып, көктемгі маусымда балық өсірушілер өздеріне керекті аталық-аналық бекіре тұқымдастарды аулап үлгерді. Бүгінде, қолдан өсірілген сол шабақтардың алғашқы легі Жайық өзеніне жіберіле бастады. 

«Атап айтсақ, 185 бас өнім беруге дайын бекіре балықтарын аулап, зауытқа алып келдік. Нәтижесінде, олардан уылдырық, ұрықтарын алып, қазір шабақтарды өсіріп, өз стандарттарына жеткізіп, шамамен 3 млнның үстінде мемлекеттік тапсырыс 3,5 млнға жеткіземіз деген ойдамыз», -  бекіре шабақтарын өсіру зауытының директоры Ғиылман Сәрсемәлиев.

ATpress.kz



Ақпараттық ресурс ATPress.kz IOS пен Android қосымшаларда