11 Шілде, 2019

Қазақстанға Ресейден құс еті мен жұмыртқа әкелуге рұқсат етілді

Қазақстан Ресейдің Нижегород облысынан құс еті мен жұмыртқа әкелуге салынған уақытша шектеуді алып тастады. Бұл өңірде құс тұмауы бақылауға алынған.

«Қазақстанның ауыл шаруашылығы министрлігінің ветеринарлық бақылау және қадағалау комитеті Нижегород облысында құс тұмауы бойынша жағдайдың тұрақтануына байланысты бұған дейін енгізілген уақытша шектеуді алып тастады», - деп жазылған Ресейдің Калининград облысы бойынша Россельхознадзор басқармасының сайтында.

Облыста тиісті кешенді шаралар қолға алынған.

Өткен жылдың шілде айында Қазақстан Ресейден құс етін әкелуге уақытша шектеу қойған болатын. Өйткені Орлов, Ростов және Нижегород облыстарында құс тұмауы тіркелді.

 

Дереккөз: Sputniknews.kz


Ақпараттық ресурс ATPress.kz IOS пен Android қосымшаларда

Тегтер: #құс еті #ауыл шаруашылығы #ветеринар #құс тұмауы