11 Шілде, 2019

Мамандар аптап ыстықта қандай жеміс жеу керек екенін айтты

Аптап ыстықта құрамындай калий көп жемістер жеу керек.

Бұл туралы Мемлекеттік ауыл шаруашылық өнімдері, шикізат және азық-түлік инспекциясының мәскеулік басқармасының басшысы Нина Зайцева айтты, деп хабарлайды «РИА Новости».

«Жазда күн қатты ысығанда адам көп терлеп, салдарынан калий жетіспеушілігі туындауы мүмкін. Пайдалы заттар жетіспеушілігін қалпына келтіру үшін, мамандар құрамында калий көп балғын жеміс-жидекті жеуге кеңес береді», - дейді Зайцева.

Оның айтуынша, шабдалы, сары өрік, қарақат, банан мен ананастың құрамында калий өте бай.

«Дәрумендер кешенін, сондай-ақ денсаулыққа пайдалы микро және макроэлементтерді алу үшін, олардан жеміс салатын жасауға болады», - дейді маман.

ATpress.kz

Сурет: Ашық дереккөз



Ақпараттық ресурс ATPress.kz IOS пен Android қосымшаларда