11 Шілде, 2019

Біртанов Атырау ауруханасында қайтыс болған қыз туралы пікір білдірді

Қазақстанның денсаулық сақтау министрі Елжан Біртанов Атырауда ауруханада желшешектен қайтыс болған 6 жасар қыздың оқиғасына қатысты тексеріс жүргізуді тапсырды.

Бұл туралы министр өзінің әлеуметтік желідегі парақшасында айтты.

Денсаулық сақтау министрі бұзушылықтар орын алған болса, кінәлілердің жазаланатынын айтты.

«Тауарлар мен қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау комитетінің төрағасы Людмила Бюрабековаға аталған жағдайды әділ тексеруін тапсырамын. Медициналық көмек стандарттары бұзылғаны анықталған жағдайда, кінәлілер, бірінші кезекте, жауапты тұлғалар жазалануы тиіс», - деп жазды Біртанов Facebook желісінде. 

Еске сала кетсек, 5 шілдеде Атырауда желшешек жұқтырған 6 жасар қыз қайтыс болды.

ATpress.kz

Сурет: KTK.kz





Ақпараттық ресурс ATPress.kz IOS пен Android қосымшаларда