11 Шілде, 2019

Атырауда аптап ыстыққа байланысты ескерту жарияланды

Атырауда ертең 40 градус ыстық болады.

Атырау облысы төтенше жағдайлар департаментінің мәлімдеуінше, 11 шілде күні аптап ыстық өңірге қайта оралады. Жекелеген аудандарда көлеңкедегі ауа температурасы 40 градусқа жетеді.

Облыстық ТЖД ашық жерде жүретіндерге бас киім киіп, су ала жүруге кеңес береді.

Еске сала кетейік, маусым айының аяғында облыста ауа температурасы көлеңкеде 43, ашық жерде 50 градусқа дейін жеткен болатын.  


ATpress.kz

Сурет: Ашық дереккөз






Ақпараттық ресурс ATPress.kz IOS пен Android қосымшаларда

Тегтер: #Атырау #аптап ыстық