11 Шілде, 2019

Халыққа қызмет көрсету орталығына алдын ала кезекке тұруға болады

Халыққа қызмет көрсету орталығына egov.kz сайты мен телеграм арқылы алдын ала тіркелуге болады.

Бұл туралы «Азаматтарға арналған үкіметтің» облыстағы филиалында айтылды.

Еgov.kz сайты арқылы кезекке тұрғыңыз келсе, әуелі «азаматтар» батырмасын таңдайсыз. Содан кейін «онлайн брондау» бөлімшесіне өтіп, ЖСН нөміріңізді тіркейсіз. Одан әрі өзіңізге ыңғайлы уақытты таңдайсыз.

EgovKzBot, яғни телеграм арқылы да дәл солай, «ХКО-ға кезекке тұру» бөлімшесіне өтіп, уақытын таңдайсыз.

Екі жағдайда да онлайн тіркеуден өткен соң, байланыс нөміріңізге кезекке тұрғаныңыз жайында хабарлама келеді.

Дереккөз: Baq.kz



Ақпараттық ресурс ATPress.kz IOS пен Android қосымшаларда

Тегтер: #халыққа қызмет көрсету #телеграм #онлайн тіркеу