10 Шілде, 2019

Қазақстанның атаулы күндер тізімі толықты

Еліміздегі мерекелер тізімі тағы да үш атаулы күнмен толықты. Тиісті құжат ҚР нормативтік-құқықтық актілерінің ақпараттық-құқықтық жүйесінде жарияланған.

3 шілде күні үкіметтің №467 қаулысымен арнайы бекітілген атаулы күндер тізіміне 3 атаулы күн қосылды: 

15 ақпан – Ауғанстаннан Кеңес әскерінің шығарылған күні;
29 тамыз – Семей полигонының жабылған күні;
1 қазан – қарттар күні.

Қаулы заңды күшіне енді.

Дереккөз: BNews.kz


Ақпараттық ресурс ATPress.kz IOS пен Android қосымшаларда