10 Шілде, 2019

Әскери қызметші жекпе-жектен ел чемпионы атанды

«Батыс» өңірлік қолбасшылығының әскери қызметшісі ефрейтор Отар Нұрбек жекпе-жек ұлттық спорт түрінен ел чемпионатында топ жарып, әлем біріншілігіне жолдама алды.

«Батыс» өңірлік қолбасшылығының баспасөз қызметінің хабарлауынша, чемпионат Орал қаласында өтті.  Ол 4 белдесуінің екеуін уақытынан бұрын жеңсе, екеуінде есеп саны бойынша басым түсті. Жарыс нәтижесінде Нұрбек ел чемпионы атағымен қоса, әлем біріншілігіне жолдамаға және жекпе-жектен спорт шебері атағына ие болды.

«Ефрейтор Отар Нұрбек «Батыс» өңірлік қолбасшылығының арнайы мақсаттағы бөлімшелерінің бірінде қызмет атқарып, Қарулы Күштердің үздік спортшыларының бірі болып танылды. Соңғы жеңістен басқа, әскери қоян-қолтық ұрысынан Қазақстан чемпионы, «Қазақ жауынгері» форматында өткен Қарулы Күштердің чемпионатының жүлдегері, сонымен қоса, MMA және Alem Fighters нұсқасы бойынша аралас жекпе-жек кездесулеріне қатысып жүр», – делінген хабарламада.

ATpress.kz

Сурет «Батыс» өңірлік қолбасшылығының баспасөз қызметінен алынды 


Ақпараттық ресурс ATPress.kz IOS пен Android қосымшаларда