10 Шілде, 2019

ҚР Мәдениет және спорт вице-министрі тағайындалды

Бүгін ҚР мәдениет және спорт министрі Ақтоты Райымқұлова ведомствоның жаңа вице-министрін таныстырды.

ҚР Үкіметінің Қаулысымен Дәуешов Нұрғиса Мұратұлы Қазақстан Республикасының мәдениет және спорт вице-министрі болып тағайындалды, деп хабарлайды primeminister.kz.

Нұрғиса Дәуешов 1985 жылы Батыс Қазақстан облысында дүниеге келген. Құрманғазы атындағы Қазақ Ұлттық консерваториясының түлегі, Т. Жүргенов атындағы Қазақ Ұлттық өнер академиясының магистранты.

Түрлі жылдары филармония, халық аспаптары академиялық оркестрі әртісі,  Т. Жүргенов атындағы Қазақ Ұлттық өнер академиясының Дәстүрлі музыка өнері кафедрасының оқытушысы болып жұмыс істеді. 

2011-2013 жж. - Құрманғазы атындағы Қазақ Мемлекеттік халық аспаптары оркестрінде инспекторы.

2013 жылдан бастап Құрманғазы атындағы Қазақ мемлекеттік халық аспаптары оркестрі директоры қызметіне тағайындалды. 


ATpress.kz

Сурет: primeministr.kz



Ақпараттық ресурс ATPress.kz IOS пен Android қосымшаларда