04 Шілде, 2019

Теңіздегі жұмысшылардың қанша алатыны белгілі болды

Теңіз кен орнында істейтін қазақстандық жұмысшылардың орташа жалақысы – 223 мың теңге.

Бұл туралы бүгін еңбек және халықты әлеуметтік қорғау вице-министрі Ақмәди Сарбасов мәлімдеді.

«Аталған компанияға қатысты (Consolidated Contracting Engineering & Procurement S.A.L. Offshore – Sputnik), оларда орташа жалақы 223 мың теңгені құрайды. Бұл мәліметті бізге жергілікті атқарушы органдар берді», - деді Сарбасов Sputnik Қазақстан мультимедиялық баспасөз орталығында өткен баспасөз мәслихатында.

Ал Теңіз кен орнында жұмыс істейтін шетелдік жұмысшылардың айлығы еңбек инспекциясы жүргізген тексерістің қорытындысынан кейін жария етілмек.

Дереккөз: Sputniknews.kz


Ақпараттық ресурс ATPress.kz IOS пен Android қосымшаларда

Тегтер: #Теңіз #жалақы #шетел #еңбек