28 Маусым, 2019 487

Елімізде қажылыққа виза алу жеңілдейді

Сауд Арабия билігі биылғы қажылыққа виза алу жолын оңтайландырды.

Әлемнің әр түкпірінен баратын азаматтар енді қажылық визасын электронды жүйе арқылы алады.

Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының баспасөз қызметінен хабарлауынша, аталған жүйе Рамазан айында тәжірибе ретінде енгізілген болатын. Нәтижесінде, ұмраға келушілер саны 30 пайызға артқан.

«Мұның ұтымды тұсы көп. Енді Қажылық-2019 маусымына отандастарымызға қызмет ұсынып отырған еліміздегі Қажылықпен айналысуға қабілетті деп танылған турфирмалар парызын өтеушілердің визасын Нұр-Сұлтан қаласындағы Сауд Арабиясының елшілігіне төлқұжат ұсынбай-ақ электронды жүйе арқылы рәсімдей алады. Бұған дейін виза алудың уақыты бірнеше күнге созылса, қазір бір сағатта дайын болады. Осындай электронды виза беру үдерісіне көшкен Сауд Арабиясы Таяу Шығыс аймағындағы Үкіметтік электронды қызметті қолға алған алғашқы ел. Мұндай өзгеріс тіпті біздегі қажылық компаниялары үшін де тиімді екенін айтқым келеді», - деді ҚМДБ Қажылық бөлімінің меңгерушісі Жанділла Бекжігітов.

ATpress.kz

Сурет: Yvision


Ақпараттық ресурс ATPress.kz IOS пен Android қосымшаларда

Тегтер: #виза #мұсылман #дін #қажылық #парыз