26 Маусым, 2019

Атырауда «Адалдық көпірі» жобасы іске қосылды

Аталмыш жоба халыққа мемлекеттік қызметтерді көрсету және азаматтардың билікке деген сенімін арттыру үшін қолайлы жағдай жасау аясында ұйымдастырылған, деп хабаралайды өңірлік коммникациялар қызметі.

Атыраудағы жаяу жүргінші көпірі тәрбиелігі мол қанатты сөздермен толықты. Енді атыраулықтар көпір үстімен жаяу жүріп қана қоймай, танымал тұлғалардың адалдық, әділеттілік, еңбекқорлық және мотивация турасындағы қанатты сөздер мен мақал-мәтелдерін оқып, рухани жаңғыратын болды.

Жобаның ашылу рәсімінде сөз алған ҚР мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Атырау облысы бойынша департаментінің басшысы Тоқтамыс Жұмағұлов ерекше жобаның ашылуымен қала тұрғындарын құттықтап, жиылған жастарды адалдыққа, отансүйгіштікке пен ауызбіршілікке шақырды.

- Жобаның мақсаты - адалдық, әділеттілік сияқты адамзаттың ең жақсы құндылықтарын насихаттау арқылы қоғамдық сананы өзгерту, азаматтардың, әсіресе жастардың, адалдық пен еңбекқорлыққа шақырады. Атырау қаласының тұрғындары жемқорлыққа қарсы мәдениет қалыптастырудағы жобаның маңызды рөлін оң бағалайтынына сенімдімін, - деді Тоқтамыс Жұмағұлов.

Айта кету керек, «Атырау-адалдық алаңы» жобасы ҚР Мемлекеттік қызмет және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің және Атырау облысы әкімдігінің бірлескен жобасы.

ATpress.kz

Сурет: ӨКҚ


Ақпараттық ресурс ATPress.kz IOS пен Android қосымшаларда

Тегтер: #адалдық #көпір #жаяу #жоба