26 Маусым, 2019 452

Журналистердің кәсіби мерекесі бекітілді

Қазақстанда 28 маусым күні бұқаралық ақпарат құралдары қызметкерлерінің мерекесі аталып өтетін болады. Үкіметтің тиісті қаулысы жарияланды.

«Үкіметтің 2017 жылдың 31 қазанындағы қаулысына келесі өзгертулер мен толықтырулар енгізілуі тиіс (…) 17 мамыр – ақпарат және байланыс қызметкерлерінің күні, 28 маусым – бұқаралық ақпарат құралдары қызметкерлерінің мерекесі», - деп жазылған қаулыда.

Қаулы ресми жарияланған күннен бастап күшіне енеді.

Бұған дейін президент Қасым-Жомарт Тоқаев журналистердің кәсіби мерекесін бекітуді тапсырған болатын.

Сондай-ақ, мемлекет басшысы БАҚ-тың қоғамдағы маңызды рөлін айқындайтын заң қабылдау керектігін айтты.

Дереккөз: sputniknews.kz



Ақпараттық ресурс ATPress.kz IOS пен Android қосымшаларда

Тегтер: #ақпарат #журналист #қаулы