26 Маусым, 2019

Есірткі сатумен айналысқан тұрғын қылмыстық жауапкершілікке тартылды

Ол 11 жыл мерзімге бас бостандығынан айырылды.

Сотталушы өткен жылы 24 тамызда 20.40 шамасында ақшалай пайда табу мақсатында жалпы салмағы 4420 грамм болатын кептірілген марихуана есірткі затын заңсыз сақтап, 580 000 теңгеге өткізген.

«Кейін сатып алушы сотталушыдан алған кептірілген марихуана есірткі затын Атырау облысы полиция департаментінің есірткі бизнесіне қарсы күрес бөлімінің қызметкерлеріне тапсырған», - делінген облыстық қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотының баспасөз қызметі.

ATpress.kz

Сурет: Ашық дереккөз


Ақпараттық ресурс ATPress.kz IOS пен Android қосымшаларда