26 Маусым, 2019

Атырауда бірнеше көшеде жол жабылады

Атырау қаласының әкімдігі қаланың орталық көшелерін қайта жаңғырту мен кеңейтудің бірінші кезеңінің басталуы туралы хабарлайды:

- 25 маусымынан 5 шілдеге дейін Құрманғазы көшесі,яғни Жайық өзенінің жағалауынан бастап, Жастар көшесіне дейін жабылады;

- 25 маусымынан 7 шілдеге дейін Баймұханов көшесінен Абдірахманов көшесіне дейінгі Бейбарыс даңғылы жабылады;

- 25 маусымнан 20 шілдеге дейін Махамбет көшесінен Канцев көшесіне дейінгі Уәлиханов көшесі жабылады.

ATpress.kz

Сурет: Атырау қаласы әкімдігі



Ақпараттық ресурс ATPress.kz IOS пен Android қосымшаларда

Тегтер: #көше #Жайық #Бейбарыс #Махамбет #Уәлиханов