19 Маусым, 2019

Азық-түлік бағасын төмендетудің ерекше әдісі ойлап табылды

Қазақстанның әр облысында көтерме-бөлу орталықтары салынады.

Ол жеміс-жидек пен көкөністі тікелей ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілерден сатып алуға мүмкіндік береді. Бұл туралы бүгін ұлттық экономика министрі Руслан Дәленов мәлімдеді.

«Қазір көтерме-бөлу орталықтарын салу және олардың жұмысын ұйымдастыру жобасы жүзеге асып жатыр. Бұл жаңа дүние. Әрбір облыста осындай орталық салу жоспарланып отыр. Бұл жеміс-жидек пен көкөністі ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілерден тікелей, төмен маржамен, делдалсыз сатып алуға және азық-түлік қымбаттаған кезде тауар интервенциясын жүргізуге мүмкіндік береді», - деді Дәленов ОКҚ-де өткен баспасөз мәслихатында.

Министр орталықтарды, өкінішке қарай, тез арада салып бітіру мүмкін емес екенін айтты. Бірақ, барлық облыста қазір құрылыс қарқынды жүріп жатыр.

Сондай-ақ, Дәленов базарлардағы азық-түлік бағасын қазір де өзі бақылап, қарап жүргенін айтты.

 

Дереккөз: Sputniknews.kz


Ақпараттық ресурс ATPress.kz IOS пен Android қосымшаларда

Тегтер: #жеміс #ауыл шаруашылығы #экономика #көкөніс