19 Маусым, 2019 544

Облыста «Жаңа серпін» бағдарламасы арқылы жастар жұмыспен қамтылады

Атырау облысында «Жаңа серпін» мемлекеттік бағдарламасы аясында жастарды жұмыспен қамту бағдарламасы жүзеге асырылып жатыр.

Халықаралық стандарттар негізінде білім беретін жоғары техникалық колледждің базасында ұйымдастырылған оқу курстарында дәнекерлеуші, электрмен қамтушы, автоматтық қондырғыларды басқарушы, құбыр монтаждаушысы секілді өндіріске өте қажет жұмысшы мамандықтар оқытылады.

Атап айту қажет, мемлекеттік бағдарлама биыл тұңғыш рет жергілікті компаниялардың қаржысымен жүзеге асырылып жатыр. Яғни, жұмыс берушілер жастарды тегін оқытып, кейін кепілді түрде өздеріне қызметке қабылдайды.

Бағдарламаның әлеуметтік тиімді жақтары көп. Жұмыссыз жастарға шәкіртақы төленіп, ыстық тамақ және жатын орынмен тегін қамтылады. Еңбек нарығындағы нақты сұранысқа сәйкес әрі қазақстандық үлесті арттыру үшін оқушылардың санына да шектеу қойылмайды.

«Осы оқу орталығында «Электрмен қамту» мамандығы бойынша білім алып жатырмыз. Жалпы өзімнің ойым алдағы уақытта осы мамандығым бойынша жақсы жұмыс жасаймын деген сенімдемін», - дейді оқу курсына қатысушы Димаш Сүйіндіков.

Дереккөз: 24.kz

Сурет: Ашық дереккөз


Ақпараттық ресурс ATPress.kz IOS пен Android қосымшаларда

Тегтер: #серпін #жастар #оқу #электр #монтаж