17 Маусым, 2019 4514

Ноғаев Атырау облысының әкімі болып қайта тағайындалды

ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың Жарлығымен Алматы, Шымкент қалаларының және облыстардың әкімдері тағайындалды, деп хабарлайды Ақорда.

Алматы, Шымкент қалаларының және облыстардың әкімдері туралы

Қазақстан Республикасы Конституциясының 87-бабының 4-тармағына сәйкес ҚАУЛЫ ЕТЕМІН:

1. Мыналар:

Бауыржан Қыдырғалиұлы Байбек – Алматы қаласының әкімі;

Ғабидолла Рахметоллаұлы Әбдірахымов – Шымкент қаласының әкімі;

Ермек Боранбайұлы Маржықпаев – Ақмола облысының әкімі;

Оңдасын Сейілұлы Оразалин – Ақтөбе облысының әкімі;

Амандық Ғаббасұлы Баталов – Алматы облысының әкімі;

Нұрлан Асқарұлы Ноғаев – Атырау облысының әкімі;

Асқар Исабекұлы Мырзахметов – Жамбыл облысының әкімі;

Ерлан Жақанұлы Қошанов – Қарағанды облысының әкімі;

Архимед Бегежанұлы Мұхамбетов – Қостанай облысының әкімі;

Қырымбек Елеуұлы Көшербаев – Қызылорда облысының әкімі;

Болат Жұмабекұлы Бақауов – Павлодар облысының әкімі;

Құмар Іргебайұлы Ақсақалов – Солтүстік Қазақстан облысының әкімі;

Өмірзақ Естайұлы Шөкеев – Түркістан облысының әкімі;

Даниал Кенжетайұлы Ахметов – Шығыс Қазақстан облысының әкімі болып тағайындалсын.

2. Осы Жарлық қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.


Қазақстан Республикасының Президенті Қ.Тоқаев


Нұр-Сұлтан, Ақорда, 2019 жылғы 17 маусым




Ақпараттық ресурс ATPress.kz IOS пен Android қосымшаларда