17 Маусым, 2019 646

Атыраулық тұрғынның ұрланған көлігі тез арада табылды

Ұрланған автокөлік 15 минут ішінде табылған.

Облыстық ІІД баспасөз қызметінің хабарлауынша, Геолог кентінің тұрғыны полициялардың жеделдігі үшін алғысын білдірді.

«Кеше 16 маусым күні сағат 9:00 шамасында Атырауда көлігімді ұрлап кетті. 102 қызметіне хабарласқаннан кейін камералардың көмегімен полицейлер көлігімді тауып берді. Оларға үлкен алғыс», - делінген облыстық ІІД баспасөз қызметінің таратқан бейнежазбасында.

Аталған факті бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды.

ATpress.kz

Сурет: Ашық дереккөз


Ақпараттық ресурс ATPress.kz IOS пен Android қосымшаларда