17 Маусым, 2019 463

Атыраудағы төтенше жағдайдан кейін қонақ үйлер мен ойын-сауық орындары тексеріледі

Атырауда қонақ үйлер мен ойын-сауық орталықтарында өрт қауіпсіздігі ережелерінің сақталуы тексеріледі.

Бүгін аппарат жиналысында облыс әкімі Нұрлан Ноғаев қызмет көрсету саласында жұмыс істейтін барлық нысандарда өртке қарсы қауіпсіздік ережелерін тексеруді тапсырды, деп хабарлайды өңірлік коммуникациялар қызметі.

Жиналыста 16 маусым күні «Райхан» қонақ үйінде болған өрт туралы мәселе көтерілді. Өрт кезінде 34 адам эвакуацияланды, оның 32-і жарысқа келген балалар. Барлығына медициналық көмек көрсетілді.

- Біз қайғылы жағдайға жол бермеген төтенше жағдайларға жедел әрекет ету қызметінің үйлесімді жұмысына, сондай-ақ, балаларды көшіруге белсенді қатысқан азаматтарға ризашылығымызды білдіреміз. Олар арамызда жүрген батырлар. Дегенмен, басты мәселе - бұл өрттің шығуына не себеп болды, басқа жерде орын алып, қайғылы жағдаймен бітпеуіне кім кепіл? Осы орайда, кәсіпкерлерге мораторий енгізілді. Кәсіпкерлер өрт қауіпсіздігі туралы заң талаптарын қатаң сақтап, адам денсаулығы мен өміріне қауіп төнбеуіне толықтай жауапты. Өрт қауіпсіздігіне бей-жай қарауға болмайды. Барлық қонақ үйлер мен ойын-сауық орталықтарын тексеру қажет, - деді облыс әкімі.

ATpress.kz

Сурет: ӨКҚ



Ақпараттық ресурс ATPress.kz IOS пен Android қосымшаларда

Тегтер: #қонақ үй #өрт #төтенше #медицина #көмек