17 Маусым, 2019 442

Жаңа министрлікті кім басқарады?

Мәжіліс экология, геология және табиғи ресурстар министрі Мағзұм Мырзағалиевтің кандидатурасын мақұлдады, деп хабарлайды палатаның баспасөз қызметі.

ҚР Парламенті Мәжілісінің экология және табиғатты пайдалану комитетінің отырысында экология, геология және табиғи ресурстар министрі қызметіне тағайындау үшін Мағзұм Мырзағалиевтің кандидатурасы мақұлданды. 

Қазақстан премьер-министрінің тапсырмасы бойынша кандидатураны премьер-министр Кеңсесінің басшысы Ғалымжан Қойшыбаев таныстырды. Мәжіліс комитетінің мүшелері кандидатқа бірқатар сұрақтар қойды.

Талқылаудан кейін қорытынды қабылданды, онда «премьер-министр ұсынған Мағзұм Маратұлы Мырзағалиевтің кандидатурасын комитет экология, геология және табиғи ресурстар министрі лауазымына тағайындау үшін ұсыну мүмкін деп санайды» делінген.

ATpress.kz

Сурет: Egov.kz


Ақпараттық ресурс ATPress.kz IOS пен Android қосымшаларда

Тегтер: #министр #экология #табиғат