17 Маусым, 2019

Мәдениет және спорт министрлігіне жаңа басшы келеді

Мәжілісте мәдениет және спорт министрі лауазымына Ақтоты Райымқұлованың кандидатурасы келісілді, деп хабарлады төменгі палатаның баспасөз қызметі.

Ақтоты Райымқұлова 2016 жылдың қазан айынан бастап мәдениет және спорт вице-министрі қызметін атқарған.

Бүгін мәжілісте әлеуметтік-мәдени даму комитетінің отырысы өтіп, онда Ақтоты Райымқұлованың кандидатурасы қаралған болатын.

Комитет мүшелері Райымқұловаға бірқатар сұрақ қойды.

Әлеуметтік-мәдени даму комитеті отырысының қорытындысы бойынша "Қазақстан Республикасының парламенті және оның депутаттарының мәртебесі туралы" конституциялық заңның 22-1-бабына сәйкес, премьер-министрдің ұсынысымен Ақтоты Райымқұлованың кандидатурасы мәдениет және спорт министрі лауазымына тағайындау үшін ұсынылды.

Отырыс соңында депутаттар кандидатқа алдағы жұмысына табыс тіледі.

ATpress.kz

Сурет: Ашық дереккөз


Ақпараттық ресурс ATPress.kz IOS пен Android қосымшаларда