17 Маусым, 2019 563

Атыраулық спортшылар жеңіспен оралды (ФОТО)

Бүгін облыс әкімі Нұрлан Ноғаев вокзалда бір топ атыраулық спортшыларды күтіп алды, деп хабарлайды өңірлік коммуникациялар қызметі.

Щучинскте өткен баскетболдан ерлер арасында ҚР V жазғы спартакиада ойындары өткен болатын. Төрт жылда бір рет өтетін бұл сайыста облыс құрамасы қола жүлдеге ие болды. Сондай-ақ, 2004-2005 жылғы жасөспірімдер Қазақстан чемпионатында қола жүлдегер атанды.

Қостанайда өткен муай-тайдан ерлер мен әйелдер арасындағы  чемпионатта жерлестеріміз 4 алтын, 1 күміс және 5 қола медальді қанжығаларына байлап, екінші орын иеленді.

Ал, Петропавлда өткен өрт сөндіру-құтқару спорты бойынша федерация кубогінде  облыстық құрама жалпы командалық есепте екінші орынға қол жеткізді.

Атырау облысы әкімі Нұрлан Ноғаев барша спортшыларды жеңістерімен құттықтап, алдағы жарыстарға сәттілік тіледі.

Сонымен қатар, бүгін аймақ басшысы Тараз және Петропавл қалаларындағы Назарбаев Зияткерлік мектебінен келген 24 оқушыны күтіп алды. Оқушылар бір аптаның ішінде облысымыздағы тарихи жерлер мен нысандарды аралап, танысатын болады.

ATpress.kz

Сурет: ӨКҚ


Ақпараттық ресурс ATPress.kz IOS пен Android қосымшаларда

Тегтер: #спорт #чемпионат #спартакиада #сайыс #құрама