17 Маусым, 2019 559

Қызылқоғада 12 жастағы баланы көлік қағып кетті

Кеше кешкі сағат 21.00 шамасында Қызылқоға ауданы Миялы ауылы О.Сүлейменов көшесінің бойында оқыс оқиға орын алды.

Бұл туралы аудандық «Қызылқоға» газетінің сайты хабарлайды.
Жол бойында ойнап жүрген 11-12 жас шамасындағы баланы көлік қағып кетті. Бала ауруханаға уақытында жеткізілгенімен, өкінішке орай оның өмірін сақтап қалу мүмкін болмаған. 

Куәгердің айтуынша, көлік қатты жылдамдықпен келген. Оқыс оқиғаға орай тиісті органдар тергеу амалдарын жүргізуде.

ATpress.kz




Ақпараттық ресурс ATPress.kz IOS пен Android қосымшаларда

Тегтер: #көлік #жол #аурухана #оқиға