17 Маусым, 2019

Облыста нәресте өлімі көбейген

Статистика департаменті өткен жылғы облыс халқының демографиялық ахуалын жариялады.

Өңірде 17033 нәресте туылса, өткен жылмен салыстырғанда 590 адамға көбейді. Аудандар бойынша  ең жоғары  туу көрсеткіші Жылыой, Индер  және Қызылқоға аудандарында көрініс тапқан.

«Осы кезеңде тіркелген өлім саны 3547 болып, өткен жылмен салыстырғанда  2,6%, ал 1 жасқа дейінгі сәби өлімі 54,7% көбейді.Перинаталдық кезеңінде пайда болатын жағдайлар нәресте өлімінің негізгі себебі болып, өткен жылы 114 нәресте өлімі тіркелді, 35 нәресте туа біткен ауытқулардан болған. 1 жастан 5 жасқа дейінгі балалар өлімі  35 адамды  құрады», -      деп хабарлады Статистика департаменті.

Айта кетейік, өңірде  633 791 адам тұрады.


ATpress.kz

Сурет: Ашық дереккөз




Ақпараттық ресурс ATPress.kz IOS пен Android қосымшаларда

Тегтер: #нәресте #статистика #өлім