14 Маусым, 2019

Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің төрағасы тағайындалды

Қасым-Жомарт Тоқаевтың жарлығымен Анар Жайылғанова Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің төрағасы қызметіне тағайындалды, деп хабарлайды Ақорда.

Жаңа қызметке тағайындалғанға дейін Анар Жайылғанова мәжіліс депутаты болды.

Айта кетсек, мемлекет басшысының жарлығымен ҚР Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі екі ведомствоға бөлінген еді: мемлекеттік қызмет істері агенттігі және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі.


ATpress.kz

Сурет: 7kun.kz


Ақпараттық ресурс ATPress.kz IOS пен Android қосымшаларда