14 Маусым, 2019 416

Қанат Ислам Тарбағатайда жекпе-жегін өткізеді

Қазақ боксшысы, әлемдік шаршы алаңдағы есімі мәшһүр Қанат Ислам ертең Шығыс Қазақстан облысы Тарбағатай ауданы Ақсуат ауылында жекпе-жегін өткізеді.

Аталған жекпе-жек өткізілгелі отырған «Тұғыры биік Тарбағатай» атты спорт және өнер фестивалі аясында ұйымдастырылады. Шара әулие Ырғызбай Досқанұлының есімін ұлықтауға арналған.

Ауқымды фестиваль барысында Дүниежүзілік  қазақ күресі  федерациясы  және  UNITED WORLD WRESTLING – Біріккен күрес қауымдастығының ұйымдастыруымен қазақ күресінен де жарыс өткізілмек. Жарысқа Голландия, Грузия, Әзербайжан, Корея, Эстония, Греция, Польша, Тәжікстан, Молдовия, Қытай, Өзбекстан, Ауғанстан, Румыния, Үндістан, Армения, Италия, Сербия, Түркия, Украина, Ресей, Қырғызстан, Қазақстан  палуандары қатысады.

«Атыраудан бұл жарысқа Х.Досмұхамедов атындағы Атырау мемлекеттік университетінің 2 курс студенті, Қытайдан келген қандасымыз Айбұлан Дабылтай қатысып, бағын сынамақ. Сонымен қатар, бұл жарыстың бас хатшысы да университеттің оқытушысы Рафаэль Хабиров», - деді Индер аудандық «Дендер» қоғамдық- саяси газетінің бас редакторы Жанай Амантурлин.

Айта кетейік, Қанат Исламмен кездесу жоспарлануда.

ATpress.kz

Сурет: Stan.kz



Ақпараттық ресурс ATPress.kz IOS пен Android қосымшаларда

Тегтер: #Қанат Ислам #жекпе жек #спорт #фестиваль