14 Маусым, 2019

Атырауда бір жарым мың салық төлеушіге рақымшылық жасалды

Елімізде шағын және орта бизнес субъектілері үшін салықтың негізгі сомасын өтеген жағдайда өсімпұлдар мен айыппұлдарды есептен шығару бойынша салықтық рақымшылық жүргізілуде.

Атырау облыстық МКД баспасөз қызметінің хабарлауынша, өңірде бес айда 1484,2 млн теңгеге қарызды өтеген 1599 салық төлеушіге 326,7 млн теңге өсімді есептен шығарған.

«Өсімпұлдар мен айыппұлдарды есептен шығару 2018 жылғы 1 қазандағы жағдай бойынша салық төлеушінің дербес шотында есепте тұрған ҚР Салық кодексінің 57-1-бабында көзделген салықтар бойынша негізгі борышқа ақы төлеу шартымен, сондай-ақ төлеу күнін қоса алғанда, 2018 жылғы 1 қазаннан бастап оны төлеу күніне дейінгі кезең үшін көрсетілген бересі сомасына есептелген жағдайда жүргізіледі», - делінген хабарламада.

Салықтық рақымшылық биылғы жылдың соңына дейін жалғасады.


ATpress.kz

Сурет: Ашық дереккөз

 

 


Ақпараттық ресурс ATPress.kz IOS пен Android қосымшаларда

Тегтер: #салық #айыппұл #өсім