14 Маусым, 2019

Экономикалық тергеу департаментінің басшысы тағайындалды

Бижанов Қайрат ЖақияұлыАтырау облысы бойынша Экономикалық тергеу департаментінің басшысы лауазымына тағайындалды.

Бұл туралы Экономикалық тергеу департаментінің әлеуметтік желідегі парақшасында жарияланған.

«Қайрат Жақияұлы Бижановтың кандидатурасы Президенттік резервтен ұсынылды және ҚР Президентінің жанындағы Қазақстан Республикасының Құқық қорғау органдарындағы кадр саясаты мәселелері жөніндегі комиссиямен келісілді», - деп жазылған. 

Қайрат Жақияұлы Қостанай облысының тумасы.

Қостанай мемлекеттік университетін құқықтану мамандығы бойынша бітірген.Құқық қорғау органдарындағы жалпы еңбек өтілі 21 жылдан астам қаржы полициясында, прокуратура органдарында, оның ішінде 16 жыл Қостанай, Ақтөбе, Жамбыл, Алматы облыстарында басшы лауазымдарда жұмыс атқарған.


ATpress.kz


Ақпараттық ресурс ATPress.kz IOS пен Android қосымшаларда