13 Маусым, 2019

Білім және ғылым министрлігіне жаңа басшы келді

Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың жарлығымен ҚР Білім және ғылым министрі болып Асхат Аймағамбетов тағайындалды, деп хабарлайды Ақорда.

«Асхат Қанатұлы Аймағамбетов Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрі болып тағайындалсын», - деп жазылған президенттің жарлығында. 

Асхат Аймағамбетов бұған дейін Қарағанды облысы әкімінің орынбасары қызметін атқарған еді. Ол биылғы жылдың 25 ақпанында ғана тағайындалған Күләш Шәмшидинованың орнына келді. 

ATpress.kz


Сурет: Ашық дереккөз



 


Ақпараттық ресурс ATPress.kz IOS пен Android қосымшаларда