12 Маусым, 2019

«ҚР Үздік мемлекеттік қызметшісі» республикалық конкурсының бірінші кезеңі аяқталды

ҚР Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл Агенттігінің ұйымдастыруымен аталған сайыс жыл сайын өткізіліп келеді.

Конкурстың мақсаты - мемлекеттік қызметтің беделін көтеру, мемлекеттік басқарудың озық тәжірибелерін кеңінен насихаттау, үздік кәсіби білімі мен дағдылары бар ҚР мемлекеттік қызметшілерін анықтау және ынталандыру, олардың уәждемелік жүйесін жетілдіру.

Биыл 5 сәуірде бастау алған конкурсқа Атырау облысы бойынша 24 мемлекеттік қызметші өтініш білдіріп, олардың 10-ы стратегиялық және бағдарламалық құжаттарды білуі жөнінде тестілеуден сүрінбей өтіп, өңірлік деңгейдің екінші кезеңіне, яғни әңгімелесу (Жеке жобалық жұмыстарын қорғау) кезеңіне жолдама алған болатын.

Сондай-ақ, 5 маусым күні конкурс үміткерлерімен жоба қорғау кезеңі өткізілді. Аталған кезеңде үміткерлер жеке жобалық жұмыстарын комиссияға таныстырып, мемлекеттік органдар қызметінің тиімділігін арттыру мақсатында экономикалық немесе әлеуметтік тиімділігін көрсетіп жаңарту ұсыныстарын атап өтті. Сонымен қатар, іске асыру жолындағы мәселелерімен, іске асыру деңгейін және күтілетін жағдайын жеке жобаларында нақты көрсетті.

Республикалық кезеңге жолдама алған қатысушылар тізімі Агентіктің интернет-ресурсында жарияланатын болады.

Айта кетейік, өткен жылы аталған конкурс бойынша Атырау облысынан 3 үміткер республикалық конкурсқа жолдама алып, жеңімпаз атанды.


ATpress.kz

Сурет: ӨКҚ


Ақпараттық ресурс ATPress.kz IOS пен Android қосымшаларда

Тегтер: #мемлекеттік қызметкер #конкурс #өтініш #жоба #үміткер