12 Маусым, 2019

Атыраудағы өрттен бес адам құтқарылды (ФОТО)

Атырауда бес адам өрттен құтқарылды, оның екеуі балалар, деп хабарлайды ATpress.kz тілшісі.

Өрт облыс орталығында Исенов көшесінде орналасқан №87 үйдің бесінші қабатындағы балконында орын алды.

- Пәтерде үйдің иесі, оның жұбайы және екі баласы болған. Пластикалық терезелер мен есіктер тез тұтанып, нәтижесінде адамдар газден уланған.Зардап шеккендер жоқ. Өрттің себебі анықталуда, - деді ATpress.kz тілшісіне облыстық төтенше жағдайлар департаменті басшысының орынбасары Асхат Ержанов.

Облыстық жедел-жәрдем станциясының фельдшері Гүлжанат Әбішеваның айтуынша, бес адамға көмек көрсетілді.

- Қазіргі уақытта олардың жағдайы қанағаттанарлық, ауруханаға жатқызуды қажет етпейді, - деді ол.


Қаршыға Көшеков

Сурет: Арсен Боранов



Ақпараттық ресурс ATPress.kz IOS пен Android қосымшаларда

Тегтер: #өрт #балкон #пәтер