12 Маусым, 2019

Заңсыз жүрген өзбекстандықтар ұсталды

Өзбекстанның 4 тұрғыны көші-қон карточкасында көрсетілген мерзім өткеннен кейін үш тәуліктен асатын кезең ішінде елден кетуден жалтарған.

«Сот отырысында құқық бұзушылар өз кінәларын мойындап, істеген іс-әрекеттеріне өкінетіндерін айтып көрсетті», - деп хабарлайды Қызылқоға аудандық сотының баспасөз қызметі.

Сот қаулысымен оларға әкімшілік құқық бұзушылық жасағандары үшін кінәлі деп танылып, олардың әрқайсысына айыппұл түріндегі әкімшілік жаза тағайындалды.


ATpress.kz

Сурет: Облыстық сот



Ақпараттық ресурс ATPress.kz IOS пен Android қосымшаларда

Тегтер: #заң #сот #Өзбекстан