11 Маусым, 2019

Биыл бейнебақылау камераларының көмегімен 31 қылмыс ашылды

Жыл басынан бері бейнебақылау камераларының көмегімен 31 қылмыстық құқықбұзушылықтар ашылған.

Облыстық ІІД баспасөз қызметі хабарлағанындай, көше камераларының жоғалған заттарды жедел табуда да айтарлықтай көмегі бар.

Мәселен, 10 маусымда жедел басқару орталығының қызметкерлеріне таксиде қалдырылған смартфондарын санаулы уақытта тауып бергені үшін 2 бірдей қала тұрғыны алғысын білдірді.

«Күні бойы баламмен бірге шаруаларыммен қалада жүргендіктен оның мазасы қаша бастады. Үйге кірген бойда банк карталары бар әмияным мен ұялы телефонымның бізді жеткізген таксиде қалып қойғанын байқадым. «102»-ге соқтым, бірақ көліктің нөмірін есіме сақтамағанмын. Қатты уайымдап едім, алайда полицейлер лезде автокөлікті анықтады. Учаскелік инспекторды жүргізушінің үйіне жіберді. Әмиян мен телефонды алдым, жүргізушіге ешқандай талап арызым жоқ», - дейді Алтын.

Айта кетейік, жыл басынан бері 102 желісіне 21465 хабарлама келіп түскен. Тұрғындар көбінесе отбасылық жанжалдарға араша түсуді талап еткен. 5 айдың ішінде тәртіп сақшылары осындай 2721 отбасына хабарлама бойынша барып, жанжал тудырушылармен түсіндірме жұмыстарын жүргізді.


ATpress.kz

Сурет: Matritca.kz


Ақпараттық ресурс ATPress.kz IOS пен Android қосымшаларда

Тегтер: #камера #қылмыс #телефон #полицей #такси