11 Маусым, 2019

Халық өз таңдауын жасады - Бақтыбек Таубаев

Заман өзгеріп, уақыт талабы жаңа деңгейге көтерілгенде қазақтың ұлттық ұстынын білдіретін реңктер де өзгерістерге ұшырады. Бұны, ең алдыменен, саяси сахнадағы жаңа тұлғалардың жаңа қырынан елге, әлемге таныла бастауына қатысты айтуға әбден болады. Халық сайлауға қатысып, өз таңдауын жасап, Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаевты Қазақстан Республикасы Президенті етіп сайлады.

Жаңа заман талабы дегенім, Қазақстан Республикасы Президентінің сайлауы бұл жолы айтарлықтай тартыста, шынайы бәсекелестікте өтті. Жеті үміткердің ішінде о бастан-ақ Қасым-Жомарт Тоқаев пен Әміржан Қосановтың арасында негізгі дода өтетінін ел бірден болжады, пайымдады да. Солай болғаны да жасырын емес. Бірақ, нәтижесінде Қасым-Жомарт Тоқаев озып шықты. Оны Қосанов жеңісімен құттықтады да. Ашық бәсекеде де жеңе білу қандай мықтылық болса, жеңілгенін мойындап, жеңімпазды жұрт көзінше құттықтау да дәл сондай даралық, ермінезділік! Міне, сол үшін де, мен бүгінгі қазақтың сана сезімі өзгерді деп отырмын. Өйткені, ел сенім артқан, топ бастаған ерлер мықтылық танытып отыр!

Ал, осындай тұлғаларды дүниеге келтіріп,тәрбиелей білген елдің қателесуі мүмкін бе? Жоқ, әрине! Міне, сондықтан, халықтың таңдауы дұрыс жасалды деп білем. Өйткені, бұл оның өз таңдауы мен қалауы!


Бақтыбек Таубаев,

Х. Досмұхамедов атындағы Атырау мемлекеттік университетінің профессоры, экономика ғылымдарының кандидаты   


Ақпараттық ресурс ATPress.kz IOS пен Android қосымшаларда