09 Маусым, 2019

Аймақта сайлау кезінде 19 нәресте дүниеге келді

Балалар сайлау күні таңғы сағат 7.00 мен кешкі 20.00 аралығында өмірге келген.

Олардың 8-і қаладағы перзентханаларда, ал қалған 11-і облыстың әр аумағында туылған. Бұл туралы аймақтық Өңірлік коммуникациялар қызметі хабарлады.

Айта кетейік, бүгін, 9 маусым күні Қазақстанда президенттікке кезектен тыс сайлау өткен болатын. Берілген дауыстардың нәтижесі ертен жарияланады деп күтілуде.


ATpress.kz


Ақпараттық ресурс ATPress.kz IOS пен Android қосымшаларда