09 Маусым, 2019

Геннадий Головкин қарсыласын нокаутпен жеңді

Нью-Йорктегі «Мэдисон Сквер Гарден» аренасында Геннадий Головкин канадалық Стив Роллсты жеңді.

Бірінші раундта екі боксшы да бір-бірін зерттеп бақты. Геннадий Головкин бірінші нөмірмен бокстасты. Ал Стив Роллс шегініп жүріп, жұдырық сермеді. Арасында жылдам қимылмен Генаны соққының астына алуға тырысты. Кейбір сериялы соққылары діттеген жеріне жетті. Головкин джебпен ұрып жүріп, төртінші раундта сол қолмен ұрған екі бірдей xукпен Роллсты нокаутқа түсірді.

Осылайша, орта салмақтағы  WBA Super, WBC, IBF және IBO бұрыңғы чемпионы Геннадий Головкин кәсіби бокстағы 39-шы кездесуін жеңіспен аяқтады.


Дереккөз: Inform.kz


Ақпараттық ресурс ATPress.kz IOS пен Android қосымшаларда