05 Маусым, 2019 705

Атырау тұрғыны досын пышақтап өлтірді

Ол 10 жылға бас бостандығынан айырылды.

Былтыр 21 қазан күні кешкі уақытта сотталушының үйінің ауласындағы аяқталмаған құрылыс ішінде бірнеше адам болып ішімдік ішкен. Сөйтіп, құқық бұзушы мен досының арасында келіспеушілік туындап, пышақпен жәбірленушінің денесіне соқққы жасаған. Өкінішке орай, оқиға орнында жәбірлеуінші қаза тапқан екен.

«Бұл жағдай Құрманғазы ауданында орын алды. Екеуі бала кездерінен көрші тұрып, жақсы қарым-қатынаста болған. Олар үш баладан тәрбиелеп отыр. Алайда, екеуінің арасындағы келіспеушілік біреуінің өліміне әкеліп соқты», - деп хабарлады облыстық қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотының баспасөз қызметі.


ATpress.kz

Сурет: Ашық дереккөз


Ақпараттық ресурс ATPress.kz IOS пен Android қосымшаларда

Тегтер: #пышақ #сот #үй #оқиға