04 Маусым, 2019

Тоқаев Атырау облысының экологиялық ахуалына алаңдаушылық білдірді

Президент өңір жұртшылығымен кездесуінде облыстың экологиялық ахуалына тоқталды.

«Жергілікті тұрғындарды мазалайтын мәселелердің бірі – экологиялық ахуал. Ең әуелі, Каспий мен Жайықтың айрықша әлеуетін сақтап, оны тиімді пайдалану қажет. Атыраудың экологиясы – тек облыстың ішкі мәселесі емес, оны шешуге барлығымыз бір кісідей жұмылуға тиіспіз», - деді Тоқаев.

Сондай-ақ, Мемлекет басшысы Жайық пен Қиғаш өзендерінің суы тартылып бара жатқанын да атап өтті.

«Жайық пен Қиғаш өзендерінің суы тартылып барады. Жайықтың су ресурстарын сақтау, қорғау және қалпына келтіру үшін Ресеймен ынтымақтастықты нығайта түсу қажет. Мен бұл жұмысқа өзім кірісемін!», - деді Президент Қасым-Жомарт Тоқаев.


ATpress.kz

Сурет: El.kz


Ақпараттық ресурс ATPress.kz IOS пен Android қосымшаларда

Тегтер: #экология #Каспий #Жайық #Қиғаш