31 Мамыр, 2019

Есірткі сатумен айналысқан атыраулыққа сот үкімі шықты

Атырауда есірткі сатумен айналысқан тұрғынға қатысты сот отырысы қаралды.

Сотталушы шприцке салынған салмағы 0,246 грамм экстракциялық апиын есірткі затын өткізу мақсатында заңсыз сақтап, 5 000 теңгеге сатқан.

«Сот отырсында сотталушы кінәсін мойындап, тағайындалған жазамен келісіп, шығындарды өтеуге қарсы емес екенін көрсетті», - деп хабарлады Атырау қаласының №2 сотының баспасөз қызметі.

Сот үкімімен сотталушыға 5 жыл мерзімге бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалды.

 

ATpress.kz

Сурет: inform.kz


Ақпараттық ресурс ATPress.kz IOS пен Android қосымшаларда