30 Мамыр, 2019

Индер ауданында ескі саябақ жаңартылады

Орталық саябақ Индербор кентінің Меңдіғалиев көшесінде орналасқан. Аумағы 4 гектар жерді алып жатқан бұрынғы саябақты күрделі жөндеуден өткізу маусымда басталады.

Құрылыс жұмыстары барысында саябақтың сыртқы қоршауы жаңартылып, тұрғындар қауіпсіздігі үшін бейнекамералар орнатылады. Жаяу жүргіншілер жолы, жаңа үлгідегі жарық қондырылып, су жүйесі жүргізіледі. Ол жерде жеке кәсіпкерлерге арналған сату нүктелері мен көрме павильондары, спорт және балалар ойын алаңдары жастарға қызмет көрсетпек.

Күрделі жөндеу жұмыстарын қыркүйек айында аяқтау жоспарлануда.

Сонымен қатар, Индер ауданының әкімдігі кенттің орталығы - Бейбарыс көшесінде орналасқан арбатты қайтадан жаңғырту жобасын дайындады. Қажетті қаражат бөлінгеннен кейін құрылыс жұмыстарының уақыты қосымша хабарланатын болады.


ATPress.kz

Эскизді аудан әкімдігі ұсынды


Ақпараттық ресурс ATPress.kz IOS пен Android қосымшаларда