28 Мамыр, 2019

Жарты мыңға жуық отбасыға тегін азық-түлік таратылды

Атыраудың бас мешітінде 500 отбасыға азық таратылды.

Бұл туралы орталық «Иманғали» мешітінің баспасөз қызметі хабарлады.

Әлеуметтік жағдайы төмен, көп балалы, жетім, жесір отбасылар санатын қамтыған азық-түлік пакеттерін мұқтаждарға Атырау облысының Бас имамы Батыржан Мансұров тапсырды. Әрқайсы 30 килограмм болатын пакеттерде аса қажетті азық түрлері салынған. 

«Рамазан - рақымшылық айы. Рамазан - ізгілік пен жақсылықтың айы. Бұл айда жасалған әр қайырымды істің сауабы да мол болады. Асылында, мұқтаж жандар қашанда қоғам назарынан тыс қалмауы тиіс. Мұндай ізгілікті шаралар Рамазанмен бірге, басқа айларда да жалғасын табады», - деген Атырау облысының Бас имамы Батыржан Мансұров.


Хорлан Смадияр

Сурет «Иманғали» мешітінің баспасөз қызметінен алынды




Ақпараттық ресурс ATPress.kz IOS пен Android қосымшаларда