27 Мамыр, 2019

Атырауда мас күйде көлік жүргізген 6 бірдей адам ұсталды

Атырауда мас күйінде көлік жүргізген 6 жүргізуші ұсталып, ісі сотқа жолданды.

Сондай-ақ, «Мас жүргізуші-қылмыскер» жедел алдын алу шарасы кезінде жолдың қарсы бағытына шыққан үшін 9 жүргізушіге ҚР ӘҚБтК-нің 596 бабы 3 тармағымен хаттама толтырылды.

«24-26 мамыр аралығында өткізілген жедел шара кезінде жылдамдықты арттыру бойынша 49, ұялы телефонмен сөйлескен 27, қауіпсіздік белдігін тақпаған 46 факті анықталып, жүргізушілер әкімшілік жазаға тартылды», -деді облыстық ІІД баспасөз қызметі.

Атыраулық полицейлер жалпы жыл басынан бері автокөлікті мас күйінде жүргізген 431 жүргізуші анықталған.


Хорлан Смадияр

Сурет: Рахим Қойлыбаев



Ақпараттық ресурс ATPress.kz IOS пен Android қосымшаларда