23 Мамыр, 2019

Атырауда балабақшаның жаны қоқыс төгетін жерге айналған (ФОТО/ВИДЕО)

«Атырау - 2» ықшамауданындағы үлкен қоқыс тастайтын жер ATPress.kz тілшісінің көзіне түсті.

Қала шеңберінде, №5 «Аққу» балабақшасынан және тұрғын үйлерден 30-40 метр жердегі аумақты біреу қоқыс тастайтын полигонға айналдырыпты. Және бұл жай ғана қоқыс жинақталып қалған жер емес, қатты тұрмыстық қалдықтарға арналған нағыз полигон. Себебі, әкелінген қоқыс көміліп, сосын ауыр техникамен тапталады. Оның жанында дренаждық канал ағып жатыр. 

             

Біз 22 мамыр күні кешкісін барып, жергілікті тұрғынмен сөйлестік. Оның айтуынша бұл келеңсіз оқиға көктем келген бойда басталған. Тәулік бойы әр кезде белгісіз өзі аударғыш (самосвал) машиналар құрылыс қоқыстарын әкеліп, шұқырларға төгеді. Қоқыс орнының жалпы аумағы бірнеше гектарды құрауы мүмкін.  


Тұрғынның айтуынша, таяуда осында құм әкелініп, содан соң бульдозер келіп, қоқыс үйінділерін тездетіп жаба бастаған. Қоқыстарды осында алып келетін кім және техника кімдікі – беймәлім. Дәл қала шегінде үлкен қоқыс орнын орналастыруға кім рұқсат бергені де түсініксіз.         


Жаңа ғана Атырау қаласы әкімдігінің баспасөз қызметінен комментарий түсті. Сөзбе-сөз келтірейік:  «Атырау» ықшамауданындағы заңсыз қоқыс орнына қатысты – оны аумаққа жапсарлас орналасқан үйлердің тұрғындары жасаған. Жергілікті полиция қызметінің қызметкерлері «Арнаулы автобаза» ЖШС-нің мамандарымен бірге бұзушыларға әкімшілік шараларын қолдануды көздеп отыр».    

 

Сондай-ақ, әкімдіктің хабарламасында аталғандай, Атырауда 12 рұқсатсыз пайда болған қоқыс төгу орны бар. Қазіргі кезде оларды рекультивация жасаумен айналысатын мердігерлік ұйымды анықтау үшін ашық конкурс жарияланған. Конкурсты ағымдағы жылдың мамыр айының соңына таман аяқтау жоспарланып отыр.          

Еламан Жусанов

Фото/видео: Рахим Қойлыбаев






Ақпараттық ресурс ATPress.kz IOS пен Android қосымшаларда

Тегтер: #Атырау #тазалық #балабақша