22 Мамыр, 2019 428

Атырау полицейлері қауіпті автобус жүргізушілерін анықтады

16-18 мамыр аралығында «Автобус» жедел алдын алу шарасы барысында Атырау полицейлері 308 заң бұзушылықты анықтаған.

Облыстық ІІД баспасөз қызметінің хабарлауынша, көлік жүргізу кезінде телефон немесе радиостанцияларды пайдаланғаны үшін 58 жүргізуші, маневр жасау ережелерін бұзғаны 30, жылдамдықты арттырғаны 43 жүргізуші әкімшілік жауапкершілікке тартылды.

Сонымен қатар, полицейлер міндетті техникалық тексеруден өтпеген 21 автобусты, жолаушыларды тасымалдауға арналған 9 көліктің заңсыз екенін белгілі болды.

«21 жүргізуші азаматтық-құқықтық жауапкершілікті тіркеусіз көлікті басқарғаны үшін, 6 – жолаушыларды заңсыз тасымалдағаны үшін жазаланды», - делінген ІІД таратқан баспасөз хабарламасында.


ATPress.kz



Ақпараттық ресурс ATPress.kz IOS пен Android қосымшаларда